Accessibility links

Қос президент Ыстықкөлде кездесті


Бұл жөнінде Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Грузиядағы жағдайды талқылаған екі президент, Кавказдағы қарулы жанжалдардың тоқтатылғанын құптап, гуманитарлық проблеманы шешу қажеттігін атап көрсеткен.

Кавказдағы қарулы жанжал кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, қырғыз әріптесі екеуінің атынан көңіл айтқан Қазақстан президенті Н.Назарбаев, күрделі ұлтаралық проблемаларды бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы ғана шешу қажеттігін айтып, Ресей мен Грузия арасында басталған келіссөздер болашақта әлгіндей қантөгістерге жол бермейді деген үміт білдірді.

XS
SM
MD
LG