Accessibility links

Қазақ балуандары Олимпиадада күміс және қола жүлдеге ие болды


Қазақ дзюдошысы Асхат Жіткеев Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс медаль иемденді, деп хабарлады Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асхат финалда моңғолиялық балуанмен кездесіп, оған ұпай санымен ұтылды. Ал грек-рим күресінен қазақстандық Әсет Мәмбетов Олимпиаданың қола жүлдесін еншіледі.

XS
SM
MD
LG