Accessibility links

Пентагон орыс армиясымен қатынасын қайта қарайды


АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс Американың Грузиядағы соғыс базасын пайдаланудың ешқандай келешегі жоқ, одан Ресеймен арадағы қарым-қатынасты ұзақ жылдарға бұзып алуға болады деп мәлімдейді.
Пентагонда өткізген баспасөз-маслихатында Р.Гейтс Грузияны Батыспен одақтасқаны үшін жазалау мақсатында Ресей соғыс қимылдарын қолданды деп айыптап, Пентагонның Ресей қарулы күштерімен қарым- қатынасының барлық жай-жапсарын қайта қарап шығатынын атап көрсетті. Оның айтуынша, АҚШ-тың Грузиядағы жалғыз әскери бөлімі Американың гуманитарлық миссиясын орындайды.
XS
SM
MD
LG