Accessibility links

Талибан көсемдерінің бірі мерт болғанға ұқсайды


Пәкістан үкіметі бейсенбі күнгі зымырандық соққыдан тәліп көсемдерінің бірі мерт болды деген хабарды тексеру үстінде.
Пәкістанның соғыс тікұшақтары Ауғанстан шекарасына жақын Хар қаласының шетінде тәліптер келе жатқан 2 автокөлікті зымырандармен атқылап, 9 адам қаза болды.
Автокөліктің бірінде Талибан қозғалысы басшылығының мүшесі, "Әл-Қаида" көсемдерінің бірі Айман Әз-Зауахридің жақын көмекшісі Маулви Факир Мохаммадтың отыған болуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG