Accessibility links

Қазақтың қоржынында тағы бір күміс!


Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина күміс жүлдеге ие болды. Қыздар арасында штанга көтеруден 75 келі салмақ дәрежесінде Алла 147 келі, ал сілтей көтеруден 119 келі салмақты бағындырды. Алтын медаль қытайлық ауыт атлет Цао Лейдің еншісіне, ал қола жүлде – ресейлік қыз Надежда Евстюхинаның үлесіне тиді.
Қазақ спортшыларының қоржынында, әзірше, 5 медаль – 3 күміс, 2 қола жүлде бар.
XS
SM
MD
LG