Accessibility links

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина күміс медалды жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының бесінші жүлдесі.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина күміс жүлдеге ие болды. Қыздар арасында штанга көтеруден 75 келі салмақ дәрежесінде Алла 147 келі, ал сілтей көтеруден 119 келі салмақты бағындырды.
Алтын медаль қытайлық ауыт атлет Цао Лейдің еншісіне, ал қола жүлде – ресейлік қыз Надежда Евстюхинаның үлесіне тиді.


Кеше Қазақ дзюдошысы Асхат Жіткеев Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асхат финалда моңғолиялық балуанмен кездесіп, оған ұпай санымен ұтылды. Ал грек-рим күресінен қазақстандық Әсет Мәмбетов Олимпиаданың қола жүлдесін еншіледі.


Қазақ спортшыларының қоржынында, әзірше, 5 медаль – 3 күміс, 2 қола жүлде бар.
XS
SM
MD
LG