Accessibility links

Д.Медведев Ресейдің Грузиядағы қимылын ақтады


Ресей президенті Д.Медведев Мәскеудің Грузиядағы іс-қимылын мүмкіндігінше ақтап, егер қажет болса Мәскеу тағы да дәл солай әрекет етер еді деп мәлімдеді.
Неміс канцлері А.Меркелмен Сочидегі бүгінгі келіссөзінен кейін өткізген баспасөз-маслихатында Д.Медведев Абхазия мен Оңтүстік Осетияның Грузияға қайта қосылуы екіталай деп кесті. А.Меркель Кавказдағы ахуалға Ресейдің тым үлкен күш қолданғанын айтып, Ресей әскерін Грузиядан кетуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG