Accessibility links

Грузиядан орыс әскерінің шығып жатқаны белгісіз


Ресей өзінің әскерін бейбіт жоспарда көрсетілген шебіне қайтара бастады.
Ол туралы бүгін Мәскеуде өткізген баспасөз-маслихатында Ресей Бас штабы бастығының орынбасары А.Ноговицын хабарлады.
Оның айтуынша, Ресей әскері грузин-осетин жанжалын реттеу үшін құрылған аралас бақылау комиссиясының шешімімен 1999 жылы белгіленген “қауіпсіздік аумағына оралуға” міндетті.
Оның алдында Грузияның Iшкі істер министрлігі Ресей әскерінің Грузиядан шығып жатқаны байқалмайтынын мәлімдеді.
Ресей президенті Д.Медведев өз әскерін Грузиядан бүгін шығара бастауға уәде берген еді. Орыс әскері Грузияға 10 күндей бұрын кірді. Алайда Кремль әскерді шығарудың ешқандай кестесі жоқ, сондықтан да әскерді шығару қосымша қауіпсіздік шараларына қатысты болады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG