Accessibility links

Қазақстан президенті Олимпиада чемпионы Илья Ильинді құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңдегі ХХІХ Олимпиада ойындарының жеңімпазы Илья Ильинді құттықтап, жеделхат жолдады.
«Қымбатты Илья, миллиондаған қазақстандықтардың және жеке өз атымнан жарқын жеңісіңмен құттықтаймын! Табандылық, жігерлілік, биік спорттық шеберлік пен жеңіске жетуге деген құлшыныс таныта отырып, сен Қазақстанды дүниежүзілік ойындарда лайықты таныта білдің. Сенің айтулы табысың біздің спорт шежіремізге мәңгілікке енеді» делінген жеделхатта, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық атлетке денсаулық, бақыт және бұдан кейінде спортта жетістіктер тіледі.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық командасына алғашқы алтынды тамыздың 17 күні өткен зілтемір көтеру бәсекесінен Илья Ильин жеңіп алды. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 20 жастағы Илья жиынтық 406 келі салмақпен бақталастарынан озды.
XS
SM
MD
LG