Accessibility links

Жақсыбек Күлекеевтің соты 25-тамызда басталады


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев пен оның жүргізушісі Есенғали Оспановтың істері бойынша сот процесі 25-тамызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында басталады, деп хабарлады сейсенбі күні «Время» газеті. Газет бұл ақпаратты Е.Оспановтың адвокаты Ақылбек Дүйсеновтен алғанын жазады.
Қазақстанның Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің қызметкерлері биылғы жылы 1-сәуірде «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Жақсыбек Күлекеевті 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұстап, қамауға алған болатын.
Ж.Күлекеев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті қызметіне 2007 жылдың 28-мамырында тағайындалған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG