Accessibility links

НАТО Ресеймен қатынасын қайта қарауы мүмкін


Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондализа Райс НАТО одағына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің Брюсселдегі отырысында сұрамақшы.
Атап айтқанда, Райс Одақты Ресеймен араларындағы жоғары дәрежедегі кездесулері мен әскери әріптестіктерін азайтуды ойластыруға шақырмақшы. Мұндай қадам ресми Мәскеудің Грузиямен арадағы атыстарды тоқтатуы және ол жерден әскерін алып кетуіне байланысты берген уәдесін орындауына мәжбүрлеу үшін қажет.
XS
SM
MD
LG