Accessibility links

Бұл жөнінде бүгін "Время" газеті хабарлады. Осыдан біраз бұрын Жақсыбек Күлекеевке қарсы қозғалған қылмыстық істің қосымша тексеруге жіберілгені жөнінде де хабарлар болған еді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев пен оның жүргізушісі Есенғали Оспановтың істері бойынша сот процесі 25-тамызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында басталады, деп хабарлады сейсенбі күні «Время» газеті. Газет бұл ақпаратты Е.Оспановтың адвокаты Ақылбек Дүйсеновтен алғанын жазады.

Қазақстанның Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің қызметкерлері биылғы жылы 1-сәуірде «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Жақсыбек Күлекеевті 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұстап, қамауға алған болатын.

Ж.Күлекеев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті қызметіне 2007 жылдың 28-мамырында тағайындалған еді.

XS
SM
MD
LG