Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ауысты


Қазақстан президентінің Жарлығымен Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. Ол бұған дейін İшкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы болып жұмыс істеген.
Ал осыған дейін президенттің көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінде болған Берік Мәжитұлы Имашев мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG