Accessibility links

Еркебұлан Шынәлиев жартылай финалға шықты


Бейжіңдегі ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 81 кг дейінгі салмақта ширек финалда қазақстандық Еркебұлан Шынәлиев пен тәжікстандық Жахон Құрбанов кездесті. Жекпе-жектің үшінші кезеңіне дейін бақталасынан 6:5 есебімен ұтылып жатқан Құрбанов тиым салынған әрекеттер жасағаны үшін төрешіден екі рет ескерту алды. Ақыр соңында Шынәлиевтің иық тұсынан тістеп алғаны үшін тәжік боксшысы рингтен қуылды.
Былтыр АҚШ-та өткен әлем чемпионатында осы екі боксшының арасында өткен 1/8 финалдық айқаста да Құрбанов рингтен қуылған болатын. Сол жарыста қола жүлде иемденген Шынәлиев енді Бейжіңдегі жартылай финалда Қытай елінің өкілі Сяопиң Жаңгпен кездеседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG