Accessibility links

Н.Назарбаев құдасын сенатор етіп тағайындады


Қазақстан президентінің көмекшісі-Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарып келген Берік Имашев мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Б.Имашев – Нұрсултан Назарбаевтың құдасы – оның үлкен қызын президенттің үлкен немересі алған.
Ал президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына Қайырбек Сүлейменов тағайындалды. Ол туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайырбек Сүлейменов - осыған дейін ішкі істер министрі сынды жауапты қызметтерде болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG