Accessibility links

Ресей әскері Оңтүстік Осетияда қала бермекші


Мәскеу қажет деп тапса, Ресей әскері Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетиядағы “қауіпсіздік аумағында” қала береді.
Ресей Бас штаб бастығының орынбасары А.Ноговицын мәлімдегендей, сонымен қатар ресейлік бітімгершілік күштерінің Абхазия айналасындағы қауіпсіздік аумағында қалуға да мандаты бар. Оның айтуынша, ол аумаққа стратегиялық маңызы бар жолдағы Сенаки қаласы да кіреді. Ол жерде Грузияның соғыс базасы тұрды.
Оның алдында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей Грузиядан әскерін дереу шығаруды талап ететін Қарардың Франция ұсынған жобасына қарсы шыққан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG