Accessibility links

Қарны ашқан сәбиге тамақ орнына - пышақ


Бес жылға бас бостандығынан айрылған Наталья Ишназарова

Бес жылға бас бостандығынан айрылған Наталья Ишназарова

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында жылап, мазасын алған баласына пышақ жұмсаған әйелге қарсы қылмыстық іс бойынша сот ісі аяқталды.

İшімдіктің уытына мас болып отырғанында қарны ашқан баласын жылағаны үшін пышақ жұмсап "жуатпақшы" болған әйел өзінің кінәсін толық мойнына алды.
Ол темір тордың аржағына спирттік ішімдіктің әсрімен 2 жасар баласына пышақты екі рет тығып алғаны үшін қамалған еді.


Кішкене бала қарны ашқандықтан шырылдап жылай беріп, мазасын алғанын көтере алмаған анасы сәбиден осылайша құтыламын деп ойлаған.
İсті қарай келе Қарағанды қаласындағы Октябрь аудандық сотының судьясы Жанат Меңдібаев ауыр қылмыс жасады деп тауып, Наталья Ишназарованы 5 жылға бас бостандығынан айырды

Абырой болғанда, екі жасар сәбиді дәрігерлер өлімнен аман алып қалды. Қазір оның денсаулығы жақсарып келеді.

Прокуратура өкілі Марат Ақұлов


Баласының тірі қалғандығын естіген анасы өзіне шығарылған үкіммен келіспей отыр. Бұл жазаны азаматша Ишназарова өте қатал деуде. Ол мұндай әрекетке өзінің әлеуметтік жағдайының тым төмендігінен барғандығын айтады

Ал Октябрь аудандық прокуратурасының прокуроры Марат Ақұловтың айтуынша мұндай жағдай оның тәжірибесінде бұрын-соңды кездеспеген жайт.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG