Accessibility links

Үлескерлер премьерге үндеу жолдады


Бүгін «Алматыинвестстрой» құрылыс компаниясының үлескерлері Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке елдегі үлескерлер мәселесін шешу туралы үндеу жолдады. Олар өздеріне пәтер немесе салымдарын үкіметтен беруді, ал құрылыс компанияларынан үлескерлердің ақшаларын талап ету құқығын мемлекетке беру туралы ұсыныс жасап отыр. Құрылыс компанияларына салынған ақшаны қайтарып алуда қорғансыз үлескерлерден гөрі мемлекеттің мүмкіндігі мол, дейді үндеу авторлары.
2003 жылы құрылған «Алматыинвестстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 180 үлескері компания құрылғаннан бері үлескерлерден жиналған ақшаға бірде бір құрылыс нысаны салынбағанын айтады.
XS
SM
MD
LG