Accessibility links

БҰҰ-нда Ресей жобасын қолдаушылар аз


Ресей Грузиядағы жанжалды реттеуді көздейтін Қарардың жобасын ресми түрде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынды. Хабарға қарағанда, жоба Франция ұсынған 6 бапты бейбіт жоспарды негізінен мақұлдайды.
Дипломаттардың сөзі бойынша, Қауіпсіздік Кеңесінде жобаны мақұлдау үшін Мәскеуге қолдаушылар жетпей тұр.
Кеңестің өзге тұрақты мүшелері – АҚШ, Ұлыбритания және Франция – жобаның ресейлік нұсқасына қарсы. Өйткені, құжатта Грузия біртұтастығын сақтау туралы айтылмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG