Accessibility links

Кариб теңізіне орыс кемелері баруы мүмкін


Венесуэла президенті Уго Чавес Ресейдің Кариб теңізі аумағына соғыс кемелерін жіберу ниеті барлығын мәлімдеді. Чавес орыс кемелерінің сапарын құптайтынына сендірді.
Венесуэла президентінің сөзіне қарағанда, соғыс кемелерінің сапармен келу мүмкіндігі таяуда Каракаста болып қайтқан Ресей өкілдерімен талқыланды.
Ресми Мәскеу Ресей кемелерінің Кариб теңізі аумағына баратын жоспары туралы әлі ештеңе хабарлаған жоқ.
XS
SM
MD
LG