Accessibility links

Бейжіңде қола жүлде алған спортшыға үй беріледі


Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Ауғанстанға тұңғыш жүлдені таэквандо жекпе-жегінен Рохулла Никпай алып берген болатын.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мәлімдегендей, тұңғыш қолда медаль отандастарын зор мақтанышқа бөледі.
Ал президент әкімшілігі 21 жастағы қола жүлдегерге өз елінде сыйлық есебінде үй берілетінін хабарлады.
Осыған дейін ауған спортшыларының Олимпиада ойындарындағы ең үлкен жетістігі – 1964 жылғы Олимпиада ойындарында күрестен алған 5-ші орын болған еді.
Бейжіңге Ауғанстаннан 5 атлеттен тұратын делегация барды.
XS
SM
MD
LG