Accessibility links

Орыс әскері Грузиядағы “қауіпсіздік аумағында” қалады


Ресей өз әскерінің денін Грузияның ішкі аудандарынан бүгін шығаруға уәде берді, бірақ Грузиядан бөлінген 2 республика мен “қауіпсіздік аумағындағы” күштерінің қалатынын мәлімдеді.
Қорғаныс министрі Анатолий Сердюковтің өзі орыс әскерінің бүгін кешке дейін Оңтүстік Осетияға қарай шегінетінін мәлімдеді. Бірақ ол бітім күштерінің Оңтүстік Осетия мен оның төңірегіндегі “қауіпсіздік аумағында” қалатынын хабарлады.
“Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында грузин президенті Михаил Саакашвили “ешқандай қауіпсіздік аумағы болмайды” деп мәлімдеп, Ресейдің іс-қимылын қолдамайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG