Accessibility links

Ресей - НАТО байланысы уақытша тоқтатылды


Ресей қарулы күштерінің Бас штабы Мәскеудің НАТО-мен әскери байланысын уақытша үзу туралы шешім қабылдағанын растады. Ол туралы Бас штаб бастығының орынбасары А.Ноговицын бүгін арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл шешім Оңтүстік Осетиядағы оқиғаларға байланысты НАТО-ның саясатына жауап ретінде қабылданған амалсыз шара болды.
Брюсселде өткен мәжілісінде НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеумен арадағы жанжалында Грузияны қолдайтындарын мәлімдеді. Қорытынды мәлімдемеде Грузияның біртұстығын сақтау мен оның жерінен Ресей әскерін дереу шығару керектігі айтылды.
XS
SM
MD
LG