Accessibility links

Ресей әскері Грузияның Гори қаласынан кетті


Ресей әскері Грузияның Гори қаласын тастап шыққанға ұқсайды Ол туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Грузияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Ломая да Ресей әскерінің Гори қаласы мен төңірегіндегі аудандардан кейін шегінгенін растады.
Сонымен бірге орыс әскерінің грузин-осетин жанжалы аумағынан тыс Грузияның басқа аудандарында қалғаны туралы хабар бар.
Оның алдында Ресейдің қорғаныс министрлігі сенбіге қарай Грузиядағы “қауіпсіздік аумағында” орыстың бітім күштері ғана қалады деп мәлімдеген болатын.
Грузия “қауіпсіздік аумағын” құруға қарсы шықты.
XS
SM
MD
LG