Accessibility links

Сәрсекбаев финалда, Ильинге – 20 млн. теңге


Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақ боксшысы Бақыт Сәрсекбаев финалға шықты. 69 келі салмақ дәрежесінде Бақыт кореялық боксшыдан 10 : 6 есебімен басым түсіп, енді финалда кубалық қарсыласымен күш сынасады.

Әзірше Қазақстан делегацтясының қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлде бар.

Ал кеше Қызылорданың орталық стадионында облыс әкімі Болатбек Қуандықов ауыр атлетикадан Олимпиаданың бірінші алтын медалін алған Илья Ильинге 20 миллион теңге, ал оның жеке жаттықтырушысы Вилорий Пакке жапониялық “джип” автокөлігінің кілтін тапсырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG