Accessibility links

Ресей әскері Грузияның Поти қаласынан кетпеді


Мәскеу өзінің танкілері мен қару-жарақ, әскерін Грузия аймағынан әкеткенімен, теңіз бекеті Поти мен Гори қаласындағы бақылау бекеттерінде ресейлік күштер әлі қалып отыр. Бүгін Ресей Әскери штабы басшысының орынбасары Анатолий Ноговицын орыс әскерлері Поти қаласына бақылауды сақтап қалады деген. Оның айтуынша, бұл Францияның арағайындығымен болған алты бөлімнен тұратын атысты тоқтату келісіміне сәйкес жасалып отыр. Бірақ Ақ Үйден хабарланғанындай, президент Джордж Буш пен Франция президенті Николя Саркози Ресей келісімдегі міндеттемесін орындамай отыр дегенмен келісіп отыр.
XS
SM
MD
LG