Accessibility links

Қырғызстан "Манас" әуе базасын АҚШ-тан қайтарып алады


АҚШ әскерилері Манас әуе базасында әскери ұшақты тексеріп тұр. Қырғызстан, 15 сәуір, 2010 жыл

АҚШ әскерилері Манас әуе базасында әскери ұшақты тексеріп тұр. Қырғызстан, 15 сәуір, 2010 жыл

Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Алмазбек Атамбаев "АҚШ-тың Қырғызстандағы "Манас" әуе базасы елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, сондықтан 2014 жылы жабылуы керек" деп мәлімдеді.

Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстанның АҚШ-пен әуе базасын жалдауға қатысты жасаған келісімі 2014 жылдың ортасына дейін күшінде қалады. АҚШ "Манас" әуежайын Ауғанстанда 2001 жылдан бері жүргізіп келе жатқан әскери операцияларында негізгі жүк тасымалдау дәлізі ретінде пайдаланады.

Қырғызстанда орналасқан Ресейдің әскери базасы жайында Алмазбек Атамбаев ештеңе демеді.
XS
SM
MD
LG