Accessibility links

Пәкістан үкіметі талибанмен келіссөзге бармайды


Бүгін Пәкістан премьер министрі Юсуф Раза Гилани өз үкіметі талибан жауынгерлерімен келіссөзге бармайды деп айтты. Оның атап көрсетуінше, үкімет оның орнына елдің солтүстік батысындағы толқуларға себеп болған кедейлік пен жұмыссыздық проблемасын шешуге күш салатын болады.
Бейсенбі күні Пәкістанның үлкен қару-жарақ зауытында талибан жанкештісі жарылыс жасаған еді. Оның салдарынан кемінде 64 адам қаза тауып, 70 шақты кісі жараланды. Бүгін шабуылдан зардап шеккендерге барған Гилани жаугерлік топтардан өзін бөлек ұстайтын әрі қаруын тастауға дайын жекелеген адамдармен келіссөз өткізу мүмкіндігі әрдайым бар деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG