Accessibility links

Ресейдің ДСҰ-на қосылуына Грузиядағы әрекеті кедергі болмақ


Грузиядағы әскери операциясына байланысты Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) қосылуына қауіп төніп тұр. Бұл туралы Германияның "Der Spiegel" басылымына берген сұхбатында АҚШ-тың Сауда хатшысы Карлос Гутиеррес айтты. Оның айтуынша, Ресей өзінің әрекетіне байланысты қиын жағдайға тап болды. Тіпті соңғы жаугершіліктің алдында өзінің жікшіл аймақтарына қолдау танытқаны үшін Грузия Ресейдің аталмыш ұйымға мүше болуына қатысты келіссөздерге кедергі жасап келген. Дүниежүзілік Сауда ұйымының талабы бойынша кандидат ел ұйымның барлық 153 мүшесімен келісімге келуі тиіс. Әлемдегі экономикасы үлкен 10-шы мемлекет боп табылатын Ресей әлі де Дүниежүзілік Сауда ұйымынан тыс қалып отыр.
XS
SM
MD
LG