Accessibility links

Грузияға АҚШ-тың қайырымдылық көмегі жетті


Бүгін Грузияның Батуми су бекетіне АҚШ-тың алғашқы әскери кемесі жетті. Бұл қайырымдылық көмектерінің Грузияға әкелінуі Вашингтонның осы елге үлкен қолдауының белгісі болды. Ресей күштері Батумиден 80 шақырымдай жердегі Поти су бекетін әлі де бақылауы астында ұстап отыр. Өткен аптада Грузияның бірнеше қаласын басып алған ресейлік әскерлер біраз қаланы босатқан. Бүгін сондай-ақ Грузияның шығысы пен батысын байланыстыратын Гори қаласына жақын үлкен теміржолда жанар-жағар май тиелген жүк пойызы жарылды.
XS
SM
MD
LG