Accessibility links

Бейжің Олимпиадасының соңғы күні


Бүгін Бейжің Олимпиадалық ойындары жабылады. Қытай бүгінгі жабылу салтанатында Олимпиада жалауын 2012 жылғы ойындарды өткізетін Лондонға тапсырады. Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Жак Рогге Қытайды олимпиаданы ерекше ұйымдастырғаны үшін мадақтап, сонымен қатар Бейжіңде бәрі керемет болмағандығын да мойындады. Оның айтуынша, Халықаралық Олимпиада Комитеті егеменді елге өзгерістерді күштеп енгізе алмайды, бірақ спорт арқылы оң өзгерістерге үлес қоса алады. Адам құқын қорғаушы белсенділер бұл комитетті елдегі адам құқықтары жағдайын жақсарту үшін Қытайға қысым жасамады деп сынаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG