Accessibility links

Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанға тағы бір Олимпиада алтынын алып берді


Бүгін қазақ боксшысы Бақыт Сәрсекбаев Олимпиада чемпионы атанды. 69 кило салмақта ол финалда кубалық боксшы Карлос Бантер Суарресті 18:9 есебімен айқын басымдықта жеңді. Бұл Бақыттың бесінші жекпе-жегі болды. Алғашқы айналымда ол канадалық Адам Трупишті, одан соң молдовалық Виталий Грусачты жеңіп, ширек финалда өзбекстандық Дильшот Махмудовты, жартылай финалда оңтүстік кореялық Ким Джун-Джуды жеңген. Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиада ойындарында сынға түскен боксшылар арасындағы алтын алған жалғыз чемпион болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG