Accessibility links

Азия Кеңесінің Министрлік кездесуі басталды


Бүгін Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары (АӨІҚСШ) Кеңесінің 3-ші Министрлік кездесуі жұмысын бастады. Оған Азия Кеңесіне мүше 21 мемлекеттің, 6 бақылаушы және 1 қонақ елдердің, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр.
Жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады. Күн тәртібіне сәйкес, Министрлік кездесуінің барысында Азия Кеңесі Хатшылығы және оның құрамының құқық қабілеттігі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция, сонымен бірге «Азия Кеңесінің сенім шараларын іске асыруындағы ілгерілемесі» атты Декларация және Кездесудің Шешімдері деген қорытынды құжаттар қабылданбақшы. Сонымен бірге, Иордания Хашимиттік Корольдігін, Біріккен Араб Әмірліктерін және Қатар мемлекетін Азия Кеңесіне жаңадан мүшелікке қабылдау рәсімі өткізіледі.
АӨІҚСШ мүше елдер басшыларының ІІІ саммиті 2010 жылы өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG