Accessibility links

Грузия қақтығыстан көп шығын шекті


Грузия президенті Михаил Саакашвили Ресеймен қақтығыс шамамен 2 млрд. доллар шығынға түсірді деп санайды.
Британдық Financial Times газетіне берген сұхбатында грузин президенті елдің қиратылған инфрақұрылымдары мен көлік жолдарына дәл осындай сомада шығын келгенін мәлімдеді.
Оған қоса М.Саакашвили грузин армиясы Цхинвалиге басып кірмей тұрғанда-ақ Ресейдің соғыс техникасы Оңтүстік Осетияда тұрды деп айыптады.
Алайда британ газеті атап көрсеткендей, 7 тамызда басталған қақтығыс кезінде Грузияның ресми өкілдері ондай мәлімдеме жасамаған. Ал қазіргі мәлімдемені растайтын бейтарап ақпарат көзі жоқ.
XS
SM
MD
LG