Accessibility links

АҚШ демократтары өз үміткерін бекітеді


Бүгін Колорадо штатының Денверінде Демократиялық партияның сьезі ашылып, оның барысында сенатор Барак Обама АҚШ президентіне үміткер болып бекітілуі тиіс.
Сьездің бейсенбіде өтетін соңғы күнінде Обама өзінің бағдарламасымен сөз сөйлейді.
Форумға 4 мыңнан астам делегат пен Обаманың мыңдаған қолдаушысы және журналистер қатысады. Өткен сенбі күні Обама сайлауға вице-президенттіктен үміткер сенатор Джозеф Байденмен бірге жұптасып түсетінін хабарлады.
Республикалық партияның үміткері Джон МакКейн өзімен бірге дауысқа түсетін сыңарын 1 қыркүйекте басталатын сьездің алдында жариялайды.
XS
SM
MD
LG