Accessibility links

Кашмирде тағы да қан төгілді


Бүгін Үндістанның Кашмирдегі үстемдігіне қарсы наразылық шеруіне полицияның оқ атуының салдарынан 3 адам оққа ұшып, шамамен 70-ке жақын адам жараланды. Штаттың әкімшілік орталығы - Сринагар қаласында шеруге шыққан халық комендант сағатына қарсылық білдірді.
Үндістан мен Пәкістан Кашмир штатын 1949 жылы бөліп алды. Бірақ Кашмирді екі ел де толығымен өзі билегісі келеді.
Мұсылмандар басым тұратын осы штаттағы Үндістанның билігіне қарсы наразылық шеруіне соңғы аптада мыңдаған адам қатысты.
XS
SM
MD
LG