Accessibility links

Пәкістандағы коалиция жікке бөлінді


Пәкістанның экс-премьер-министрі Наваз Шариф бастаған саяси партия билік басындағы коалицияның құрамынан шығады. Н.Шарифтің өзі атап көрсеткендей, өткен жылы бұрынғы президент Первез Мушаррафтың жарлығымен қызметінен босатылған судьяларды қызметке қайта алу мәселесінен туған қарама-қайшылықтан осындай шешім қабылданды.
Коалицияның жікке бөлінуі қайта жаппай сайлау өткізуге себеп болмауға тиіс. Н.Шариф, сонымен қатар, өзі бастаған Пәкістан лигасы 6 қыркүйектегі президент сайлауына бұрынғы судья Сайед уз Заман Сиддиқиді үміткер етіп ұсынғанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG