Accessibility links

Діни ұйымның қызметі уақытша тоқтатылды


Оңтүстік Қазақстан облыстық соты «Иегова куәгерлері» діни қауымдастығының шағым-арызын қарай келе, бұл ұйымның қызметін 6 ай мерзімге тоқтату туралы алдыңғы сот шығарған шешімді күшінде қалдырды.
«Иегова куәгерлері» діни қауымдастығы өкілдерінің тіркеу құжаттарында көрсетілген орыннан басқа жерде – Қайнар-Бұлақ ауылындағы жеке меншік үйде діни уағыз айтуға жиналғанын Абай ауданының прокуратурасы әкімшілік заңға қайшы деп тауып, сотқа берген болатын. Істі қараған Шымкенттің әкімшілік соты діни ұйым қызметін 6 айға тоқтату жөнінде шешім шығарған еді.
«Иегова куәгерлері» болса, өздерінің басты ғимараты өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сай болмауы себепті сот шешімімен жабық тұрғандықтан, жеке меншік үйде жиналуға мәжбүр болғандарын айтады. Діни ұйым өз құқықтарын қорғап ары қарай шағымданбақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG