Accessibility links

Екі ел президенттері телефонмен сөйлесті


Дүйсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.
Екі президент 5 қыркүйек күні Мәскеуде өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының кезекті отырысына дайындықтың жекелеген жайттарын талқылаған. Сондай-ақ, екі елдің арасындағы ғарыш саласындағы әріптестікке байланысты пікір алмасқан.
XS
SM
MD
LG