Accessibility links

Ақ үй Грузияның тұтастығын сыйлауға шақырды


АҚШ пен Еуропа Одағы Ресейді Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуға шақырады.
Ресей парламенті палаталарының президент Дмитрий Медведевке 2 республиканың тәуелсіздігін мойындауды өтінген үндеу жолдауына АҚШ президенті Джордж Буш қатты алаңдайтынын мәлімдеді. Буш Кремлден Грузияның территориялық тұтастығын құрметтеуді талап етті.
Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті ол құжатқа қол қоймайды деген үмітін білдіріп, өйткені қол қойылса, Кавказ аймағындағы ахуалды ушықтырады деп ескертті.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG