Accessibility links

АҚШ-та демократтар сьезі өтіп жатыр


Дүйсенбі күні Колорадо штатының Денвер қаласында Демократиялық партия сьезінің бірінші күні аяқталды. Форумның басты мақсаты – демократтардың бірлігін көрсетіп, сенатор Барак Обаманы АҚШ президенттігіне сайлануға ең лайық үміткер ретінде ұсыну.
Демократтардың ең қарт сенаторы, 76 жастағы Эдвард Кеннеди мәлімдегендей, Обаманың сайлауалды уәделері Америка тағы да қуатты елге айналады деген үмітті оятады.
Өз кезегінде үміткердің жары Мишель Обама дүниені қалпына келтіруге көмектесу – отбасының міндеті деп мәлімдеді.
Демократтардың сьезі бейсенбіде аяқталады.
XS
SM
MD
LG