Accessibility links

Ауғанстан үкіметінің шетелдік әскерлерге талабы


Ресми Ақ үй мәлімдегендей, Ауғанстанның Герат облысындағы әуе соққысының салдарын тергеу-тексеру амалдары қызу жүріп жатыр. Оған себеп – кеше ауған үкіметі шетелдік әскердің ел аумағында болуын реттейтін келісімнің қайта қаралуын талап етті. Мәлімдемеде халықаралық күштер құзырының шегі мен жауапкершілігін белгілеу және бейбіт халықты бомбалауды доғару керектігі айтылады.
Ауған үкіметінің мәлімдеуінше, НАТО күштерінің өткен жұмада Герат облысындағы әуе соққысынан 90-нан астам бейбіт тұрғын мерт болды.
Ал бастапқыда НАТО басшылығы 30 тәліптің көзін жойғанын жариялап, кейінірек ол оқиғаны тергейтінін хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG