Accessibility links

Мал судан уланып өлген


Қарағанды облысындағы Ақтау кентінде жеке меншіктегі малдың қырылып қалуына «Интеррин» компаниясына қарасты сынақ полигоны маңындағы суда улы заттардың өте көп екені себеп болған. Осындай зерттеу қорытындысын жасаған мамандар судағы аммиактың мөлшері шекті шамадан 160 есе, сульфат – 5 есе, ал хлорид 2,7 есе асып кеткенін анықтаған.
Тамыздың 10 күні Ақтау кентінде жеке меншіктегі 7 ірі қара мен 41 қой-ешкі қырылып қалған соң мамандар ол жердің су-шөбін зерттеуге кіріскен еді. Соның алдында малдардың кентке жақын жердегі полигон маңындағы ашық су қоймасынан су ішкені анықталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG