Accessibility links

Пхеньян атом реакторын қалпына келтіруі мүмкін


Солтүстік Корея өзінің ядролық жабдықтарын бұзуды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, ресми Пхеньян елдің ең негізгі ядролық нысаны болып табылатын Енбондағы атом реакторын қалпына келтіру мүмкіндігін де теріске шығармады.
Пхеньян мұндай қадамға АҚШ-тың Солтүстік Кореяны терроризмді қаржыландыратын елдердің тізімінен шығарғысы келмеуі мәжбүрлеп отырғанын мәлімдеді.
Өз кезегінде ресми Вашингтон Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасының жабылуын қатаң қадағалауға келіскен жағдайда ғана оны тізімнен шығаратынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG