Accessibility links

Ресей мен НАТО кемелері Қара теңізде кездеседі


Тбилисидегі АҚШ елшілігі хабарлағандай, Грузияның Қара теңіз жағалауындағы Поти портына Американың 2 соғыс кемесі қайырымдылық көмегін жеткізеді. Қаланы Ресей әскері күзетіп тұр.
Елшілік өкілінің хабарлауынша, Грузияның өтініші бойынша соғыс кемелері Потиге сәрсенбі күні жетеді.
Ресеймен қарулы қақтығыста Поти қаласы қиратылған болатын. Ресей әскері портты да күзетіп тұр.
Бүгін Ресей Бас штабы бастығының орынбасары А.Ноговицын Грузияға қайырымдылық көмегінің қажеттігіне күмән келтіріп, НАТО әскери теңіз күштерінің Қара теңіздегі қимылын “төтенше әрекет” деп сипаттады.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG