Accessibility links

Мәскеу 2 республиканың тәуелсіздігін мойындады


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.
Теледидардан сөйлеген сөзінде Медведев шешім қабылдағанда “осетин мен абхаз халықтарының тілектерін ескеріп, БҰҰ-ы Жарғысының ережесін, халықаралық ереженің принциптері туралы 1970 жылғы декларациясын және т.б. халықаралық құжатты басшылыққа алғанын” мәлімдеді.
Грузия Мәскеудің 2 республиканың тәуелсіздігін мойындауын “ашықтан ашық аннексия” деп бағалады.
Ресейдің бұл шешіміне бірқатар Батыс елі – оның ішінде Ұлыбритания мен Франция және Германия наразылықтарын білдірді.
Еуропа комиссиясы Мәскеудің шешімі Грузияның егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындаған БҰҰ-ның Қарарына қайшы келетінін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG