Accessibility links

Ресей НАТО-мен қарым - қатынасын уақытша үзеді


Ресей НАТО-мен қарым-қатынасын жартылай доғарады. Бүгін Мәскеуде өткізген баспасөз-маслихатында Ресейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі Дмитрий Рогозин осылай деп мәлімдеді.
Рогозин, сонымен қатар, НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің Ресейге қазан айына жоспарланған сапары да болмауы мүмкін деп ескертті.
Ресей, сондай-ақ, “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасы шеңберінде НАТО-мен бірге қол қойған келісімге қатысудан да уақытша бас тартады.
Оған қоса Д.Рогозин бітімгершілік операциялары саласындағы НАТО-мен бірлескен іс-қимылын жарты жылға доғаруды ұсынады.
XS
SM
MD
LG