Accessibility links

Батыс елдері Мәскеудің шешіміне қарсы


Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындады. Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін осындай жарлыққа қол қойды.
Кеше Ресей парламентінің қос палатасы да президентті 2 республиканың тәуелсіздігін мойындауға шақырған үндеу қабылдаған болатын.
Осы айдың басында Грузия Оңтүстік Осетияға конституциялық тәртіп орнату үшін Цхинвалиге басып кіргенде, Ресей Оңтүстік Осетияға өз әскерін орналастырды.
Бірқатар Батыс елі – оның ішінде Ұлыбритания мен Франция және Германия Ресейге наразылықтарын білдірді.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Ресейдің әрекетін “өкінішті қадам” деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG