Accessibility links

ВИЧ жұқтырғандар көбейді


Биылғы жыл басынан Қазақстанда ВИЧ дертін 1171 адам жұқтырған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Альберт Асқаров тамыздың 26-күні. Бұл былтырғы жылғы осындай кезеңдегімен салыстырғанда 20 пайызға көп.
Ал ауру алғаш тіркелген 1987 жылдан бері оны жұқтырғандар саны Қазақстанда 10800 адамға жеткен. Сонымен бірге А.Асқаров Оңтүстік Қазақстан облысының емханаларында қан арқылы ауру жұқтырған 141 баланың 17-сінің қайтыс болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG