Accessibility links

Виктор Цойға ескерткіш орнатуға рұқсат берілмеді


Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен сейсенбіде өткен отырысында, Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматыда танымал рок-әнші, әрі актер Виктор Цойға ескерткіш қою туралы ұсынысты қабылдамай тастады. Ал, Семей қаласында «Алаш» қозғалысы қайраткерлеріне орнатылатын ескерткіштің жобасына қатысты комиссия мүшелері ортақ пікірге келе алмағандықтан, оған қатысты байқау тағы бір ай мерзімге ұзартылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG